04-09-2021
35.3 C
Шымкент

ОҚО-да жеке кәсіпкер ЭКСПО-ның 500 билетін сатып алды

Түркістандық кәсіпкер Рахым Тәңірбергенов 2 млн теңгеге ЭКСПО билетін сатып алды. Белсенді азамат Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау білдірген жастар мен ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен өткен шараға қатысып, елордада өтетін көрмеге 2 миллион теңгеге 500  билетті  өз қаражатына сатып алғанын айтты.

Бүгінде облыс көлемінде «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.  Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын 150  ерікті де дайындықтарын күн сайын пысықтап жатыр. Сондай-ақ, көрменің өту кезеңінде Астана қаласын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы басқармасы да тиісті жұмыстарды атқаруда. Ал Оңтүстік жұртшылығы қазірдің өзінде билеттерді жаппай сатып алуға көшкен. Оның ішінде өңірдегі қалталы азаматтар өз қаржыларына билет алып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектерге және де ардагерлерге сыйлық ретінде тарту етуде. Осындай игі бастаманы қолға алған азаматтың бірі облыс депутаты, түркістандық кәсіпкер Рахым Тәңірбергенов.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне әрбір азамат атсалысуы тиіс деп есептеймін. Өйткені бұл өте маңызды шара. Елімізге әлемнің 100-ден астам мемлекеттен қонақтар келгелі отыр. Сондықтан осындай ауқымы зор шарадан оңтүстікқазақстандықтар да сырт қалмауы тиіс деп ойлап, бүгін өз қаражатыма 500 билет сатып алып отырмын. Бұл билеттерді өзіме қарасты мекемеде ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген азаматтарға ұсынамын. Сонымен қатар, жаз айында көрмеге бару үшін  арнайы автобустар ұйымдастырып, түркістандықтарды өз есебімнен Астанаға апарып қайтамын», — деді Рахым Көлбайұлы.

Астана қаласында биыл EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесi өтеді. Оған әлемнiң дамыған 100-ден астам мемлекет қатысады деп күтiлуде. Қазақстанның әлеуетiн көрсететiн зор мүмкiндiктiң бiрi болғандықтан бұл елорданың ғана емес, бүкiл елiмiздiң мәртебесiн өсiретiн шара болмақ. Сондықтан да баршамыз бұл  шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысуымыз қажет.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР