03-09-2021
18.3 C
Шымкент

ОҚО-да ерекше акция бастау алды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ғасыр жасаған ана» акциясы бастау алды. Сайрам ауданының жастары осы шара аясында аудандағы ұзақ жасаған аналардың барлығына құрмет көрсетпек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Анаға құрмет бір күнмен шектелмейді. Осыны қағида еткен сайрамдық жастар ерекше акцияны қолға алды. Жастар орталығы бастамашы болған шара аясында аудандағы жасы жүзден асқан аналардың тізімі жасалып отыр. Енді мұндай қариялардың туған күндерін назардан тыс қалмайтын болады. Жергілікті билік өкілдері мен жастар ғасыр жасаған әжейлерді құттықтап, барлығына аудан әкімінің құттықтау хаты мен арнайы сыйлықтарын тапсыратын болады. Бұл жастарды үлкенді құрметтеуге үгіттеп, қарттық қамытын киген жандардың көңілін көтеруге ықпал етері сөзсіз. Акцияны ұйымдастырушылар бүгін алғашқы қартты құттықтап шықты. Сиқым ауылының тұрғыны Жұмақыз апа бүгін 104-ші көктемін қарсы алған болатын. «Ұзақ жасаған ананы құттықтауға өзінің үрім-бұтағынан бөлек, жастар да келді. Туған күн иесіне аудан әкімінің сәлемдесі жеткізілді. Өз кезегінде 100 жасаған кейуана құттықтап келгендердің барлығына алғыс айтып, ақ батасын берді»,- дейді Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР