test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ұлтаралық келісім – басты ұстын

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Елбасы мақаласы Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері тарапынан да қызу қолдау тапты. Оны ұлтаралық татулықты дамытудың бірегей ұстыны деп айтуға толық негіз бар. Президенттің идеологиялық тұжырымдамасын күнгейдегі түрлі этномәдени орталық өкілдері арасында  талқылауға ұласты. Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай бағдар болып тұрғанын айтты. Ғылым-білім, зияткерлік сана. Жемқорлықсыз қоғам, сапалы еңбек ресурстары. Мұның бәрі де — болашақта  ұлттың табысты болуы үшін шешуші факторлар. Қоғам дамуында ұлтаралық келісімнің де қосар үлесі қомақты. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлтаралық келісімнің бір көрінісі осындай.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байқонақов:  «Оңтүстікте 20 этномәдени орталық бар. Олар еліміздегі қандай да бір саяси өзгеріс пен даму кезеңдерін бірге еңсеріп келе жатыр. Енді рухани жаңғыруға да үлесін қоспақ. Елбасының мақаласы бізге үлкен ой салды. Енді осыған дейін дамуыдың даңғыл жолына түсіп, бағытымызды айқындап келген елміз ғой. Ендігі міндет осы рухани саланы жаңғырту болмақ» дейді. Қоғамда болып жатқан кез-келген оқиғадан тыс қалмайтын этномәдени орталық қызметкерлері Елбасы мақаласын қызу қолдайтындықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР