12-04-2022
20.3 C
Шымкент

Тұқымдықтан таршылық көрмейді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы дихандары тұқымдық шиттен таршылық көрмейді.Өйткені облыс экономикасынын көтеруде мақта шаруашылығын дамыту басты міндеттердің бірі саналады.  Биыл жоспарланған 80 мың гектар мақталық алқапқа қажетті шит аудан қамбаларында тұр. Былтыр тұқымдықтан таршылық көрген аудан көктемгі дала жұмыстарына дайын отыр. Өткен жылы мақтаралдық шаруалар алқаптың қара суын қандырып, топырағын қопсытып қойып, егетін шит таппай, әбігірге түскені рас. Сол қателіктерді назарға алған өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың тікелей тапсырмасымен жыл басында тұқымдық дайындау үшін ауданда  арнайы топ құрылды. Бүгінгі таңда 2502 тонна жергілікті  шит дайындалған. Оған қосымша  Түркиядан өнімділігі мол  мақта тұқымы алдырылған. Жандарбек Әбенов, «Бақытжан» өндірістік кооперативі тұқым дайындау цехының меңгерушісі: -Ақ алтын егіп, несібе айыратын шаруаның бірі — Мірәлі Қолдабаев. Өзінің алқабына биыл жергілікті тұқымдық шитті алып отыр. Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауыты өңдеген тұқымның өнімділігі зор. -Биыл мақта шитінің әр келісі 250-300 теңге аралығында. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50-60 пайызға қымбат. Бағаның көтерілуін сатушылар былтырғы мақта құнының жоғары болуымен байланыстырып отыр. Дегенмен, жергілікті тұқым түркиялық өнімге қарағанда 6 есе арзан,дейді «Көпжасар ата» шаруа қожалығының төрағасы Мірәлы Қолдабаев. Н.Кенжехан.  

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР