10-05-2024
19.3 C
Шымкент

Түркия мен Оңтүстік өңірінің өзара байланысы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Milliyetçi Hareket Partisi – яғни, Ұлтшыл әрекет партиясы көшбасшысының орынбасары Мехмед Гүналмен кездесті.
 Тараптар басқосуда Түркия мен Оңтүстік өңірінің өзара мәдени байланысы жайында әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады.
Өңіріміздегі тарихи орындар – Түркістан мен Отырарға зиярат жасап, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенттерімен кездесу мақсатында келген партия өкілі болашақта Оңтүстікке Түркиядан келетін туристердің қатарын одан әрі арттырып, мәдени байланыстарды күшейту жайын жеткізді. Айта кету керек, Түркияның Milliyetçi Hareket Partisi 1969 жылы құрылған саяси ұйым. Оның негізін қалаған Алпарслан Тюркеш. Жалпы, Түркия Оңтүстік Қазақстан облысымен тек мәдени рухани байланыстарды ғана орнатып қоймай, экономикалық қарым қатынастарды да нығайтып келеді.Түркияда соңғы жылдары құрылыс, ауыл  аруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытуда. Атап айтқанда, Түркия елінде 200-ге жуық индустриалық аймақ бар. Ондағы 300 мыңнан астам зауыт-фабриканың әрбірі кемінде 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір ғана Сакария қаласында 10 индустриалды аймақ, 15 мың компания жұмыс істеуде. Отандық пойыз өндіру ісі жолға қойылған. Автокөліктер жасап шығару ісі бойынша әлемдегі 7 орында тұрған түркиялықтар бұл ретте де 5 орыннан көрінуді межеге алған. Ал Қазақстанда, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысында түрік фирмалары мен компанияларының саны 30-ға жетіп, өзінің даму үрдісін ұсынып келеді. Мұның бәрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда түркиялық әріптестермен құны 33,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іске қосылған. Жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 18 жобаның 6-уы түркиялық кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылуда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР