18-09-2021
22.2 C
Шымкент

Оңтүстікте кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалғаен

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау бойынша барынша жағдай жасалуда. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен алқалы жиында айтылды.

Іс-шарада «Шағын және орта бизнеске  «Даму» қоры арқылы беріліп жатқан несиелер мен шағын кәсіпорындардың жай-күйі» тақырыбы сөз болды.  Оған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен басқа да қаржы институттары қатысты.  Инвестициялық орталықтар бизнес өкілдерін қолдауға  белсене атсалысып жатқандарын жеткізді. Бір ғана «Оңтүстік» инвестициялық орталығы былтырдың өзінде  ауыл шаруашылығы секторына қатысты 45 жобаны 2 млрд. 600 млн. теңге көлемінде  қаржыландырған.  Сондай-ақ, жиында жаңадан іс бастағанда кәсіпкер алдынан шығатын қиындықтар мен кедергілерді жою туралы айтылып,  оларды шешу жолдары қарастырылды.

Азамат Абдрахманов, «Freedom finance» инвестициялық компаниясының бас директоры:

Оқу орындарындағы кәсіпкерлерді дайындау маңызды мәселе. Өйткені, кәсібін ашып, мал бордақылау болсын, жылыжай салса да оған жақсы есепші керек. Себебі, пайда мен шығынды есептей алмаса, тіпті, 6%-дың өзінен пайда көруі қиын. Қайтару кезінде қиындықтарға тап болады. 

АЙЖАН Әшірхан            

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР