02-04-2022
19.3 C
Шымкент

«Бірлігі жарасқан елміз»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай қарсаңында «Бірлігі жараскан Елміз» атты салтанатты шара өтті.

Шараға Түркиядан келген ясауитанушы, «Ясауи ошақтар» журналының бас редакторы Исматулла Ясави қатысып, бүкіл қазақстандықтарды атаулы мейраммен құттықтай келе, Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен екенін атап өтті. Мерекелік жиында қазақ, өзбек ұлттық билері биленіп, түрік, қырғыз, орыс және италян тілдерінде әндер шырқалды.
Жиын соңында «Дала дастаны» әнімен жабылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музей директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Е.Есжан өнерпаздарға алғысын білдіріп, сый-сияпаттар жасалды.Бүгінде Қазақстанда жүзден аса түрлі ұлт өкілдері мекен етеді. «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халықтың әпсанасы. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген де қазақтың дана сөзі бар. Шындығында, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық-әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды. Мамырдың алғашқы күні — Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын Мемлекет басшысы Н. Назарбаев  көтерген болатын. Сондықтан бұл мереке елімізде кең көлемде тойланып келеді.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР