20-04-2024
16.3 C
Шымкент

«Мәңгілік Елді» дәріптеді

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Мәңгілік Ел» атты патриоттық әндер мен әншілердің байқауы өтті. Дәстүрге айналған шараны облыстық мәдениет басқармасы және облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты облыстан шыққан композиторлардың патриоттық тақырыптағы әндерін халық арасында кеңінен дәріптеп, жас таланттарға қолдау көрсету болатын. Өнер сайысының шарты бойынша 18 бен 35 аралығындағы 49 үміткер бақ сынады. Олар өз орындауларында Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын, өзектілігін арқау етті. Шығармалары арқылы елдік, ұлттық идеяны көпшілікке дәріптеді.

Конкурс екі кезеңде өткізілді. Бірінші бөлімде патриоттық тақырыптағы әндер шырқалса, екінші кезеңде қатысушы өз таңдауы бойынша ән орындады. Үздіктерді таңдауға елімізге белгілі композиторлар, мәдениет қайраткерлері мен әншілер қазылық етті.

Байқауда шымкенттік композитор Ізбасар Кеңесовтің әні үздік деп танылды. Ал әншілер арасында жүлделі бірінші орынға түркістандық Бижігіт Исмағұлов пен шымкенттік Гүлхая Жуашбаева ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР