test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Мәңгілік Елге бір қадам

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында: «Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр», – деп айтып өткен болатын. Расында бүгінде әлемде экономикалық дағдарыстың да және өзге қиын жағдайлардың күнделікті жаңалықтардан орын алып жатқан  көріп, тыңдап куәсі болып отырмыз. Мұндай жағдайда еліміздің экономикалық жағдайын қолға ала отырып тұрақты дамуын қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады. Елбасымыздың өзі айтқандай  «Нұрлы жол – болашаққа бастар»  – Жаңа Экономикалық саясат. Бұл жолдау бүгінгі әлемдегі барлық мемлекеттер бастарынан өтеріп жатқан қарбалас кезеңге төтеп бере алатын экономиалық саясат халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Себебі еліміздің экономикалық әл-ауқатын нығайту арқылы оның әлеуметтік жағдайының қамтамасыз етілуіне де жағдай жасалады.

Елбасымыз әр жолдауында жастарға артылатын сенімнің үлкен екенін айтып өтеді. Елімізде жастардың өзін толыққанды, жан-жақты көрсетуі, өсуі, өркендеуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда біздің басты парызымыз бабалар аманаты – еліміздің өткенін бүгінімізбен ұштастыра отырып болашаққа құлаш сермеу. Ал бұл парызды білімімізді күннен күнге жетілдіру, білмегенді үйрену арқылы ғана орындай аламыз. Сол себепті әр минутымызды тиімді пайдалануымыз керек, себебі біз еліміздің ертеңінін кірпішіміз.

Елінің экономикасын әлемдегі орын алып жатқан дағдарыстарға қарамастан тұрақты етіп ұстау, сол тұрақтылықты сақтап, одан әрі нығайту мақсатында дұрыс әрі тиімді саяси бағыт таңдау кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейтін іс.  Алайда еліміздің экономикасын нығайту жас баладан қартқа дейін әрқайсысымыздың қолымызда екенін ұмытпауымыз керек, бүгінгі сын-қатерлі кезеңнен жұдырықтай біріге жұмыла қана шығамыз. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Мәңгілік елге қол жеткіздегі бір бағыт деп білемін, осы бағытты ұстай отырып Қазақ елінің «мәңгіліне» бір қадам жақындаймыз.

Қазақстан – тұрақтылық пен татулықтың, бірлік пен достықтың Отаны.  Көпұлтты ұлан байтақ еліміздің болашағы жаркын, тәуелсіздігі мәңгілік болсын.

А. Серікжанова, студент

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР