Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім бар. Атап айтқанда, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалардың 94 %-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 101 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Нәтижесінде, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 %-ға өсті.
Мұнан бөлек, өңірде жаңа өнім түрлерін өндіретін жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. Облысымызға импортталатын өнімдер — су насостары, керомограниттік плиталар, кілемдер, МДФ тақтайлар және өзге де тауарлар өңірімізде шығарылса, цемент, мотор майы, кілем, мата, дәрі-дәрмек, трансформаторларды экспорттау қолға алынды. Облысқа 79,4 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңінен 2 есе артып отыр.
Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 37 млрд.теңгеге 17 жобаны іске қосып, нәтижесінде, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Облыс өнеркәсібі өнімінің көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізу, яғни, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделуде.