16-04-2022
22.3 C
Шымкент

Қуатты әскер- мемлекет қорғаны

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында мектеп оқушыларының көктемгі оқу-дала жаттығулары өтті. Оған ұзын-ырғасы 520 оқушы қатысып, әскери өмірдің қыр-сырын танып, білді. Таңғы алты жарымда орнынан тұрғандар түн ортасына дейін мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінде алған білімдерін тәжірибеде іске асырып көрді. «Қуатты әскер – жас мемлекетке берік тіреу»… 10/216 әскери бөлімі  жанында өткен дала жиынына аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов арнайы қатысып, болашақ сарбаздардың әскери жаттығуларымен танысты. Жастарды патриоттық рухта тәрбие алуға үндеді.

Қатысушы – жоғары сынып оқушылары   Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет туралы Заңына сәйкес, барлық талаптарды орындады. Салтанатты сапта жүріп өтіп, жаттығуда қаруын жолдас етті. 5 күн бойы далада шатыр тігіп, сарбаздардың шынайы өміріне үңілді,-дейді аудан әкімі Б.Әліпов.

Оқу-далалық жиында болашақ сарбаздар 3 мезгіл тамақпен қамтылып, бөлімдер арасында өткен спорттық ойындарға қатысты. Саптық қатарда патриоттық әндерді шеберлікпен орындап өтті.  Оқушылардың дала жиынындағы бұл көріністердің әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздардың тіршілігінен еш айырмашылығы болмады.  Алда 7-ші мамыр — Отан Қорғаушылар күні.  Шардара қосалқы құрамынан екі жас жауынгер Астанада өтетін әскери мерекелік шеруге қатысады.

С. Есімбеков 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР