04-09-2021
34.3 C
Шымкент

Ұлтаралық келісім

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында 2017 жылдың 28 сәуір күні қалалық орталық кітапхананың оқу залында « Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін» — «Единство, мир и согласие — наше главное богатство» атты қалалық этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесу кеші өткізілді. Іс –шараға Славян этномәдени орталығының төрайымы Наталья Анатольевна Попова, Татар- башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Фарит Галимович Аюпов және облыстық Грек этномәдени орталығының төрағасының орынбасары Дмитрий Андреевич Каракозиди, Нұр Отан партиясының қалалық филиалы фракциясының мүшесі Розыбаев Әбдінәби Абдурашитұлы, жергілікті ақын- сазгер, мұғалім- зейнеткер Жұпаркүл Бекшораева қатысты. Іс шара негізінен ұлтаралық келісімді, халықтар достығын насихаттауға бағытталған. Іс –шара барысында Нұр Отан партиясының қалалық филиалы фракциясының мүшесі Розыбаев Әбдінәби Абдурашитұлы көпшілікті келе жатқан 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады және Нұр Отан партиясының атынан этномәдени орталығының төрағаларын алғыс хаттармен марапаттап, ізгі ниеттерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР