ОҚО-дағы Кентау қаласының тұрғындары 1-ші мамыр бірлік күнін атап өтті. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз еліміздің айтулы датасына арналған мерекелік кештің алғы сөзін алған қала әкімінің орынбасары Н.Ташимов «Мақсат айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең озық отыз елдің қатарына қосылу.Біз Қазақ елі Елбасы айқындап отырған бағыт мақсаттарға бірлігіміз бен татулығымыздың арқасында жетіп, Отанымыздың дүние жүзінде ойып тұрып орын алар өркениетті ел етуге тынымсыз еңбектенетін боламыз.Қазіргі кезде осы ұлттық бір тұтастығымызбен, татулығымыздың арқасында еліміздің өркендеуімен бірге қала экономикасы да ілгерілеу үстінде.Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын,баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.» деп қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, халық арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты нығайтуда еңбек етіп жүрген қала тұрғындарына қала әкімінің алғыс хаттарын табыстады. Осындай үрдісте қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиевте қала халқын мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Салтанатты жиын қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламалармен ұласты, Көктемнің осынау шуақты мерекесімен баршаңызды құттықтап, отбасыларыңызға береке-бірлік, мықты денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен