test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жұмыссыздар қатары азайып келеді

ОҚО Бәйдібек ауданында әлеуметтік салаға көптеп көңіл бөлінуде. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 291,9 млн.теңге қаржы жұмсалды,оның ішінде1,6млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 107,5 млн.теңгеге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, «Өрлеу» жобасы бойынша 8,3 млн. теңгешартты ақшалай көмек төленді. Жалпы аудан бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедектер және ардагерлерге тиісті әлеуметтік көмектер өз деңгейінде көрсетіліп келеді. Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, жыл қорытындысымен жұмыспен қамту көрсеткіші 124,0 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіштің артығымен орындалуына «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының қарқынды жүзеге асырылуы әсер етіп отыр. Бағдарламаның 1-ші бағыты шеңберінде 152 адам жұмысқа жолданса, 2-ші бағыты бойынша 104 азамат 286,6 млн.теңге көлемінде шағын несие алды, 3-ші бағыты бойынша тұрақты жұмыспен 1361адам қамтылды, әлеуметтік  жұмыс орындарына 108адам, 40адам қайта даярлау курстарын бітіріп, тұрақты жұмыспен,96 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылып, 353 азамат қоғамдық жұмыстарға,132адам жастар практикасына жолданды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР