03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Мал басы көбейсе -құт

ОҚО Бәйдібек ауданында мал шаруашылығын дамыту қарқынды түрде қолға алынуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1699 бас аналық мүйізді ірі қара мал және 57 бас бұқа алынып отыр. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2066 бас уақ аналық мал және 69 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынса, «Құлан» бағдарламасы арқылы  285бас жылқы алынған.

Жалпы ауданда 271 мал бордақылау алаңдарында 2,98 мың,бас мал бордақылануда. Одан бөлек 10-15 бастық 100 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары іске қосылған. Сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 20 жанұялық сүт аулалары құрылды. Нәтижесінде, мал шаруашылығында 8 млрд. 749 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылмен салыстырғанда 123% артқан. Жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоспарланған көрсеткіштер толығымен орындалған. Даму бағдарламасына сәйкес, 2016-2020 жылдарға ауыл шаруашылық саласының тұрақты өсімін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасатын болады. 2020 жылға дейін өнім көлемін 10,4 млрд.теңгеден 18,2 млрд.теңгеге, тамшылатып суғару әдісін 720 гектардан 1720 гектарға, жылыжай көлемін 0,96 гектардан 17 гектарға жеткізу жоспарланған.  Осы мақсатта ауданның ауыл шаруашылығы саласының даму картасы дайындалған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР