07-09-2021
36.3 C
Шымкент

Мал басы артып келеді

ОҚО Созақ ауданында негізінен мал шаруышылығы қарқынды дамыған. Бүгінде «Құрманәлі» шаруа қожалығында 1530 қой, 345 түйе, 61 мүйізді ірі қара, 121 бас жылқы бар. 2004 жылдан жұмысын бастаған шаруа қожалығының төрағасы Тәжібеков Тоқтар. Жалпы 7 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта майда малды шет ел нарығына экспорт шығаруды көздеп отыр. 2016 жылы ауданнан 2688 бас майда мал Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарылды. Биылғы жылы экспортқа 10 мың бастан аса майда мал сату үшін жұмыстар жүргізілетін болады. Шолаққорған ауыл округіндегі түйе сүтін қабылдау мен қайта өңдейтін «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің өндірген өнім көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Түй сүтін өңдеу цехы арқылы күніне 750 литр түйе сүтін өндіруге мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта осы түйе сүтін өңдеу үлесін арттыру арқылы күніне 5 тонна түйе сүтін өңдеуге дейін жеткізіп, бұған қосымша кефир, иогурт, кілегей және тағы басқа сүт өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. «Дархан-Ас» ӨК-нің «Иодталған ас тұзын шығаратын зауытының» жұмысы да қарқынды. 2016 жылдың қараша айында іске қосылған зауытта, бүгінгі дейін 1000 тонна өнім өндіріп, еліміздің өзге де өңірлеріне шығарады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР