02-09-2021
27.3 C
Шымкент

Татулық пен бірлік туын желбіретіп…

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ОҚО Ордабасы ауданында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Татулық достықтың киелі бесігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі А.Мамытбеков қатысушыларды мерекемен құттықтап, өңіріміздің дамуына қосқан еселі еңбектері үшін алғысын жеткізді. Ұлтаралық татулықтың бір көрінісіндей. Еңбек ардагері Ә.Бекжанов: «Қиын-қыстау заманда Ордабасы өлкесіне де көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері қоныс аударуға мәжбүр болды. Одан біз ұтылғанымыз жоқ. Біз достасып қана қоймай, бауырласып та кеттік», дей келе, тарих қойнауынан біраз сыр шертті. Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі К.Серенкова славян ұлтының өкілі болса да сөзін қазақ тілінде сабақтады.»Қазақ еліне алғыстан өзге айтарымыз жоқ. Мен Қазақстанда туылып, осы елдің азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Басты арманым да — осы туған өлкемнің гүлденуіне үлес қосу» деді Ксения өз сөзінде. Т.Пашаев өз кезегінде бүгінгі ұйымдастырылған кездесу үшін рахмет айтып, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде ой толғады.
Алмасбек Кеңесбекұлы ауданымыздағы татулық пен бірлікті насихаттау жолындағы сіңірген еңбектері үшін бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР