09-04-2022
17.3 C
Шымкент

ОҚО-дағы туристік компаниялар ЭКСПО-ға дайын

 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың басшылары Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген әріптестерімен кездесті. «Қайнар» қонақ үйінде өткен жиында турфирма өкілдері бір-бірімен ақпарат алмасып, бірлесіп жұмыс атқару жөнінде 7 меморандумға қол қойды. Облыстың туризм саласын таныстыру әрі ЭКСПО – 2017 көрмесіне дайындық ретінде ұйымдастырылған іс-шара көпшілікке ұнады. Жиында Өзбекстанның Самархан өңірінен келген турфирма басшысы Ташбулат Рахматуллаев Оңтүстіктің туристік әлеуетін жоғары бағалады.   Ал, Қырғызстандағы «7 чудес Кыргызстана» компаниясының басгысы Жамбы Мамажанова: «Оңтүстік Қазақстан облысында қонақ үй туризмі керемет дамыған екен. Қызметіне тәнті болдым. Бірнеше ауданды аралап, туристік нысандармен таныстым. Саяхатшылар келсе, өкінбейтін өңір екеніне көз жеткіздім» дейді.

   Осы іс-шарадан кейін өңірге «Заманауи Жібек Жолы» атты туристік бағытпен танысу мақсатында Италия, Қытай, Қырғызстан және Әзірбайжан мемлекеттерінен туристік компания өкілдері келді. Олар да облыстың туристік әлеуетіне оң бағаларын берді. Шетелдік меймандар аралаған нысандардың біразы ЭКСПО – 2017 көрмесінің негізгі туристік бағыттарына енген. «Қуаныш» туристік фирмасының директоры Роза Шукенованың айтуынша, бүгінде туризм саласында қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді.

 — Фирмамыз саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетуге дайын. Өзге әріптес компаниялар да ЭКСПО-ға әзірлікті күшейткен. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарға саяхатшы апаруға мүмкіндігіміз бар. Бұл кездесу арқылы шетелден әріптестер таптық. Мәлімет алмастық. Біздің елден шетелге ғана емес, шетелден біздің елге де саяхатшылар ағылатын күн туса, қуанар едік, — дейді ол.

Ғ.Сапарбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР