03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Ардагерлерді ардақтады

Бүгінгі ұрпақты бейбіт өмірге жеткізген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың парызы.
Осы орайда, Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесі қарсаңында қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, №44859 әскери бөлім командирі полковник К.Нұрмағанбетов, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Арынов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбековтер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, жүздерінен қарттық шалған майдангерлерге қала басшысы ыстық ықыласын жеткізіп, сый-сияпат тапсырды.
— Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Қазақстандықтар мұны мәңгі жадында сақтайды, әрдайым ардагерлерді сыйлап, оларға қамқорлық көрсетеді. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты өмір және барлық жақсылықты тілеймін, — деп қала әкімі Мұрат Болатұлы жылы лебізін білдірді.
Соғыстың соңғы солдаттары, Елбасымыз Н.Назарбаевқа, облыс әкімі Ж.Түймебаевқа, шаһар басшысы М.Қадырбекке мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саясатқа ризашылықтарын білдіріп, қамқорлық танытқандары үшін алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР