16-04-2024
13.3 C
Шымкент

ОҚО әкімі жаңа өнеркәсіп орындарында болды

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы іс-сапармен Түркістан қаласына барды. Мұнда өңір басшысы жаңадан ашылған өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірқатар өндіріс орындарын аралады. Жұмыс сапары  қала орталығындағы «Яссы нан» ЖШС-нен басталды. Өткен жылдың ақпан айында іске қосылған кәсіпорын  ұн өнімдерінің 15,  шұжықтың 8 түрін дайындайды.  Жұмыс кластерлік бағытта. Серіктестіктің мал бордақылайтын алаңы да бар. Жаңа зауыт   жергілікті 50 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған. Облыс әкімі бұл серіктестіктен кейін  Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжайына  барды. 35 соттық  жабық алаңнан кәсіпкер бүгінде 36 тонна қияр алған.  Сондай-ақ,  Оранғай ауылындағы «Яссы құс» шаруа қожалығында болды. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығы  негізінен тауық еті мен жұмыртқа өндіреді.  Жобаның бірінші кезеңі былтыр ғана іске қосылып, 4,4 млн. дана жұмыртқа өндірген.  Ал, екінші кезеңі  осы жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі.  Жыл соңына дейін  90 тонна тауық еті мен 10,8 млн. дана жұмыртқа өндіріледі деп жоспарлануда. Осылайша, облыстың экономикалық дамуына әжептеуір үлес қосып келеді.

А. Әшірхан 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР