02-09-2021
15.3 C
Шымкент

Елбасы мақаласы- рухани жаңғыру тетігі

ОҚО Ордабасы ауданы әкімдігінде жиын өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында межеленген өзгерістер талқыланды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Оралбаев жиналысты ашып, мақсатына тоқталды. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, қоғамдық –көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің маманы Қ.Тұрбаев баяндама жасап, рухани жаңғырудың мән-маңызын түсіндірді.
«Ел бірлігі» қоғамдық ұйымының Ордабасы ауданындағы өкілі Г.Дәнешұлы аудан тұрғындарының Елбасы саясатын жүзеге асырудағы белсенділігін атап өтті. Аталған мақаладағы міндеттерді орындауда да ордабасылықтарды қалыс қалмауға шақырды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Н.БАЙЫМБЕТҰЛЫ жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тақырып аясында пікір алмасты.

Айта кетейік, осы жылдың 12 сәуірінде «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шыққан болатын.
 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР