03-09-2021
18.3 C
Шымкент

ОҚО халқының 90 пайызы таза су тұтынады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 73,2 % ауыз сумен қамтылған. Яғни, жергілікті халықтың 90 % бүгінде таза су ішіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Республикада оңтүстік 4 орында тұр. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылданып жатыр. Алдағы уақытта өңірдегі 844 елді мекеннің 701-і, яғни 83 % ауыз сумен қамтылмақ. Ал, Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – Маркентинг» кәсіпорны ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналып келеді. Өйткені, кәсіпорын күні бүгінге дейін 40,0 миллион евро (9,1 млрд.теңге) инвестиция тартып, толық автоматтандырылған жүйеге өтті. Сондай-ақ, қаланың шайынды суларды тазарту стансасы заманауи технологиямен жабдықталып, шайынды судың шөгіндісін қайта өңдеу арқылы биогаз өндіріп, одан электр қуатын алатын кешен салынды.

Салынған инвестициялар нәтижесінде 1998 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендегіге қол жетті:

— су қоры 885 млн.м3 үнемделді;

— су жүйелері 64%-дан 38%-ға, кәріз жүйелері 72%-дан 53 %-ға төмендеді;

— су жүйелерідегі апаттың әр 100 км-ге  шаққандағы деңгейі 33%-ға төмендеді;

— электр қуатының шығыны 0,87 квт/м3-ден 0,09 квт/м3-ге төмендеді. Электр  қуатына жұмсалатын шығынның шартты үнемделген сомасы 8,4 млрд.теңге;

— су шығыны 38 %д-ан 16,8%-ға кеміген;

— апаттық–қалпына келтіру жұмыстары 31%-ға қысқарды;

-мемлекет пайдасына есептелетін салық сомасы 125 млн.теңгеден 950 млн.теңгеге өсті. Осы аралықта барлығы 6,1 млрд.теңге салық сомасы мемлекет пайдасына алынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР