17-04-2024
9.3 C
Шымкент

Жаһанның жаңалығы болған ЭКСПО

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық әзіл-сықақ және сатира театры «ЭКСПО-2017» Жаһанның жаңалығы» атты мәдени бағдарлама ұйымдастырды.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қолдау көрсету және насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта өткен шараға облыстағы мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысып,
облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының 70-ке жуық қызметкерлерінің интермедиялық әзілдері мен әсем әндерін тыңдап,»Мәңгілік ел» флешмобын тамашалады.  Аталған шараға облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау білдірді.

Айта кетейік, Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР