02-09-2021
27.3 C
Шымкент

ОҚО әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Ербол Садыр өзі жетекшілік ететін сала мамандарымен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиынның күн тәртібінде «Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасының іске асырылу барысы мен жерді түгендеу жұмыстарының жайы қаралды. Мәжілісте алғашқы болып баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева  2017 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарынан 126 мың азаматты қамту үшін 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінгенін айтты. Жыл соңына дейін тиісті көмек көрсетіліп, негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілетінін мәлімдеген басқарма басшысы 2018 жылы әлеуметтік көмек жүйесі жаңғыртылып, үш бірдей көмек түрі, яғни, атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктіріліп, шартты ақшалай көмек көрсетілетінін жеткізді. «Өрлеу» жобасы сол жаңғыртудың бастапқы қадамдарының бірі екенін айтқан  облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр әлеуметтік көмек жүйесін жаңғыртуда, күнкөріс деңгейінен төмен тұратын отбасыларға қолдау көрсету бойынша жүйелі түрде жұмыс атқаруды тапсырды. Мұнан соң, отырыста сөз алған жер қатнастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесін баяндады. Оның айтуынша, облыстағы 2447 агроқұрлымдардың иелігіндегі 180,5 мың гектар жер нысаналы мақсатына сай  пайдаланылмай жатқандығы анықталған. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы мақсатындығы 366 пайдалануышының 57,5 мың гектар жері бүгінгі күнге мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлім етті. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, жерді түгендеу жұмыстарын тездетуді және орын алған кемшіліктерді түзетуді міндеттеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР