02-04-2022
19.3 C
Шымкент

Мақсатты жұмыс жалғасын табады

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Тұрбеков Ордабасы ауданында болып, шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмысының қорытынды жиынына қатысты. Басқосуды аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков ашып, жүргізіп отырды.  Серік Тұрбеков: «Қауіпті зиянкестен келетін залалды мейлінше азайтуымыз керек. Рас, тиісті мамандар, басшылық тарапынан қолдан келген жұмыстар жүзеге асырылуда. Дәрі-дәрмек толық жетеді. Осы ретте аудандар шекарасындағы танаптарға мұқият болған жөн. Өйткені, зиянкес көбейген тұсынан басқа жаққа өтіп кетеді», — дей келе, әлі де босаңсымауды, мақсатты жұмыстарды жалғастыру қажеттігін еске салды. Бұл кезге дейін қыруар тірлік тындырған аудан басшылығына, мамандарға, жұмысшыларға алғысын білдірді. Аудан көлемінде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері мол. Биылғы көктемнің кещ шығуы мен жаңбырлы болуынан көктемгі егіс кештеу егілді. Алайда аудан диқандары мен шаруалары білекті түрініп, белді буынып, биыл мол өнім аламыз деп құлшынып отыр. Ол үшін атқарылып жатқан шаруа шаш етектен.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР