19-09-2021
22.3 C
Шымкент

Достық туы желбіреп….

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылындағы Аққойлы елді мекеніне сонау Туркиядан қонақтар келді. Келудегі негізгі мақсаты: «Аққойлы» мешіт-медресесін көру. Бұдан алдын өзге де аудандарды аралаған екен. Қонақтар көңілді. Тарихи мешіт музейін аралады. Мұнан соң сондағы киіз үйге жайғасып, ас ауқаттанып, арқа-жарқа әңгіме құрды. Олар сөйлейді. Аудармашы Жүсіпов Бекмұхан мағынасын жеткізеді.Аққойлы руының бас биі Али Атвур Елімізді, оның патшасын, халқын жанындай жақсы көретінін айтты. Жанындағы түрік ағайындар да мұның сөзін қостады. Алла бұйыртса алдағы уақытта да келетіндерінен хабардар етті. Аққойлы мешітінің қызметкерлері қонақтардың үстіне қазақы дәстүрмен шапан жапты. Олар естелік суретке түсіп, қош айтысты. Түркияға қонақ болып келуге шақырды. Кеуделерін тосып, бауырлықтың дәлелі ретінде құшақ жайысты. Бүгінде Түркия мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде екені белгілі. Сондықтан да аталған елден келушілер көп. Алдағы уақытта ол жақтан туристер де, кәсіпкерлер де көптеп келіп, достық қатынас нығая берері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР