test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жас сарбаздар ант қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданында жас сарбаздар Отан алдындағы борышын адал өткеруге ант берді. Салтанатты рәсімге жергілікті ішкі істер органдарының басшылары қатысып, әскери өмірдің сан қилы қырынан әңгіме тиегін ағытты. Отан үшін адал қызмет етуге дайын жас сарбаздар алдағы уақытта тактикалық, физикалық дайындықтардан өтпек. Ең алдымен әрине сапта тұру тәртібін толық меңгеретін болады. Ленгір қаласындағы 20/41 әскери бөлімін бүгін еліміздің әр аймағынан шақыртылған сарбаздар толықтырды. Ертеңгі ел тірегі болатын жас сарбаздардың салтанатты шарасына ата-аналар да көптеп жиналды. Әскери өмірге қадам басқандардың дені Павлодар, Қызылорда, Жамбыл,Алматы облыстарынан келген. Мұндағылар Ұлттық Ұлан әскери бөліміне түсіп отыр. Таулы аумақтың таңдалып алуы да тегін емес. Мұнда жас сарбаздар қатаң әскери дайындықтан өтетін болады. Әскери қалашықта жас сарбаздар үшін барлық жағдай жасалған. Сарбаздардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында заманауи құралдары бар спорт кешені мен мәдени-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Ант қабылдау рәсімінен соң әскери бөлім басшылары арнайы клубта ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Балаларының әскери борышын өтейтін орынмен толық танысып шықты. Өз кезегінде  жастар кеш құрметіне концерт қойды. Патриоттық рухтағы әндерді арнап жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР