test
04-07-2024
33.3 C
Шымкент

Мәдениет қызметкерлері атсалысады

Халықаралық маңызы бар ЭКСПО көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері де атсалыспақ. Осыған орай жуырда облыстық әзіл-сықақ және сатира театры «ЭКСПО-2017 — жаһанның жаңалығы» атты ауқымды шара ұйымдастырды.  Орталық саябақта ұйымдастырылған шараға қатысуышылар көптеп жиналды. Қала тұрғындары тек концерт тамашалап қана қоймай, ЭКСПО халықаралық көрмесі жайлы ақпараттық танымын кеңейтті. Аталған шаралар халықтың бүкіләлемдік көрмеге деген қызығушылығын арттырып, маңыздылығын сезінуге септесетіні сөзсіз. Ашылу салтанатына аз ғана уақыт қалған айтулы шараға 70-ке жуық әртіс барады. Бұл концерт сол шараға дайындық барысы іспетті. Оңтүстікқазақстандық әзілкештер Астана төрінде тамыздың 29-ынан бастап, қыркүйектің 5-іне дейін өнер көрсетеді. Еліміздің атын аспандататын айтулы шараға келетін «ЭКСПО» қонақтарына керемет көңіл күй сыйлау үшін өнерпаздарымыз қызу дайындық үстінде. Тек ән айтып қоймай, би билеп, күмбірлетіп күй тартып, әзіл сықақтарымен де шашу шашатын болады. ЭКСПО көрмесінде оңтүстіктің мерейін асыру үшін дайындықты пысықтап жатырмыз дейді өнер майталмандары.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР