03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Кентауда лимон өсірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласы маңындағы Қарнақ ауылындағы «Шахнұр» шаруа қожалығы бүгінде несие арқылы несібесін арттырып отыр. Жалпы жылыжай көлемі 20 соттық жерде орналасқан. Әр көкөністен жылына екі рет өнім алынады. Қызанақтан 18-19 тонна, қиярдан жыл бойы 16-17 тонна өнім жиналған. Алғашқы жыл болғандықтан лимон 30-40 келідей ғана өнім беріпті. Қалада сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеде өнімдер делдалсыз тұтынушыларға жеткізіледі. Шаруа жылыжай технологиясының тиімділігін арнайы Израиль мемлекетіне барып үйреніп кел- ген. Бүгінде жинақтаған тәжірибесін көпшілікпен бөлісіп, таныстарын үйрету үстінде. Ал, Абдуроим Мусаев «Яссы-Несие» кредиттік серіктестігінен несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Жеке кәсіпкер ірі қара мал, қой өсіреді. Бүгінде иелегінде 450-ге жуық ірі қара мал, 1000-нан астам қой бар. Оның 4-уі асыл тұқымды бұқа болса, 870 еділбай тұқымды қойлар. Бүгінде мал басы көбейіп жатыр. Ендігі жерде шаруа ет өндіру, мал бордақылау істерін де қолға алмақ. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ құрамындағы «Яссы-Несие» кредиттік серік- тестігі 2003 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Алғашында 14-15 қатысушыны тір- кеп, жұмыс жасаған ұйымда қазіргі кезде 770 мүше бар. Барлығыда кредиттік серіктестік қызметін тұтынуда.

Қайрат ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР