test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ордабасыда 16 жобаны іске қосылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандарда инвестиция көлемінің экономикадағы үлесі артып келеді. Бүгінгі таңда «Өңірлерді дамыту» картасы аясында Ордабасы ауданындағы «Gold Aluminum» кәсіпорны /инвестициялық құны 3 923,0 млн.т./ пластик өнімдерін шығару, алюминийден жасалған жарық өткізгіш конструкциялар өндіру цехын 50 жаңа жұмыс орнымен іске қоспақ.  Бадам ауыл округінде орналасқан Қазақ-Түрік индустриялды аймағының аумағы 50,0 га (30,7 га бос) құрайды. Аймаққа жалпы құны 15 млрд. 863,5 млн.теңге құрайтын 8 жоба (19,3 га ) 828 жұмыс орнымен, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қортындысымен мақұлданып,орналасуға мүмкіндік алды.(Инженерлік инфрақұрылым құны 2 млрд 381,5 млн.тг. Ұлттық қордан 2 млрд. 084,8 млн.т., облыстық бюджеттен 231,6 млн теңге бөлінді).Бадам өндірістік аймағы 153 га (55,5 га бос) жер телімімен ашылды. Аймаққа жалпы құны 45 млрд. 014 млн. теңге құрайтын 8 инвестициялық жоба, 1060 жұмыс орнымен орналасуға ниет білдіріп, жер телімін келісім- шарт негізінде сатып алды.Бұл тұрғыда, Ордабасы ауданында инвесторларды көптеп тарту және оларға жағдай жасау, әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеу мақсатында арнайы жұмысшы, мобильді топтар құрылып, инвесторларды тарту бойынша жұмыс жоспары, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуде әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеу мақсатында тиісті бөлімдер аралығында қозғалыс сызбасы әзірленді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР