test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ – әлеуметтік көмек

Елбасы Н. Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында әлеуметтік көмек тек оған шын мәнінде зәру азаматтарға ғана берілуі тиістігін атап өткен еді. Сондай-ақ, кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетініне тоқталған. Осыған орай, 5 институционалдық реформаларды нақты жүзеге асыру аясында елімізде «Өрлеу» жобасы жұмысын бастады. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков бүгін ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларымен «Өрлеу» жобасының ауданда атқарылу барысын саралады. Бөлім басшылары ауыл округі әкімдері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жобаның негізгі мақсатын тағы бір түсіндіріп өтті. «Өрлеу» жобасы — отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Күн тәртібіндегі мәселеге орай, аудан басшысы ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына тұрғындардың құжатын әзірлеуге және қабылдауға барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР