06-09-2021
24.3 C
Шымкент

Дарханның дархандығы

Үнемі жақсы істердің қасынан табылып жүрген Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қалалық мәслихатының депутаты Дархан Серікбаев тағы бір игі іске ұйытқы болды. Ерте көктемде Сарыбас елді мекені мен Кентау қаласының арасын жалғайтын өткелді тасқын су алып кеткен болатын. Ауыл халқының көмегімен асарлатып уақытша салынған өткелдер су ағынына шыдас бермеген еді. Сол маңайды ретке келтіріп беруді сұраған ауыл халқы өтініштерін қалалық мәслихат депутаты Дархан Алиханұлына айтыпты.  Депутат — халықтың адамы. Халық үшін сайланғаннан соң, көпшіліктің айтқан өтініш-тілегін орындауы қажет. Бұл ұстанымды жадына берік ұстанған жас жігіт жұмысқа кірісіпте кетті. Қажетті техникаларды алдырып, мамандардың басын қосты. Қолына күрек алып, құрылысшылармен бірдей жұмыс істеді. Нәтижесінде үлкен іс атқарылды. Өткел қалпына келіп, халықтың өтініші орындалды.Айтпақшы, бұл өткел Дархан депутат болып сайланған аумаққа жатпайды екен. «Халық үшін қызмет етуді парызым» — деп білетін халық қалаулысы, «игі іске ұйытқы болу депутаттық мандатыма байланысты емес, азаматтық міндетім» деп қабылдаған. «Жас келсе, іске» — деген дана халық. Ауыл тұрғындары жас депутаттың үнемі үлкен істердің басы-қасынан табылып жүретінін мақтанышпен жеткізіп, алғыстарын айтты.Тағы бір айта кетер жайт, Хантағы ауылындағы Иманов көшесінен Үсенбаев көшесіне өтетін өткелде Дархан Алиханұлының көмегімен ретке келтірілді.

Қайрат Зайнишев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР