test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға баруға билет тарту етті

Рамазан айында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі №3 балалар үйіне барды. Министр медициналық физиокабинетке арналған  соңғы үлгідегі  «Бином» медициналық құрылғысын алып берді. Ал, өңір басшысы 20 тәрбиеленушіге «ЭКСПО -2017» көрмесінің билетін тарту етті.  Бар әлемнің кереметін бір ортаға жинаған  ЭКСПО көрмесін көзбен көру — баршаға арман.  Бұл бақыт енді  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де бұйырды.  Өңір басшысы балалардың бас қалаға барып-қайту шығынын  толығымен өз мойнына алатынын жеткізді. Бұл мекеме жыл басынан бері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қамқорлығына алынған.  Қазір мұнда 3 жастан 11 жасқа дейінгі 68 бала тәрбиеленеді. Барлығының жәрдемақысы өз есепшоттарына түседі. 46 мектеп жасындағы бала, қаладағы №33 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектепте білім алады.   Ал, 22-сі мектепке дейінгі топтарда тәрбиеленеді. Жалпы, балалар үйіндегі оқу-тәрбие жұмысы толығымен қазақ тілінде жүргізіледі.  Мұнда би, вокал, қолөнер үйірмесі жұмыс істейді.  Оған 58 бала қатысады. Айта кетейік,  2016-2017 жылы аралығында балалар үйінің 9 тәрбиеленушісі қамқорлыққа, 3 тәрбиеленушісі патронаттық тәрбиеге берілді. Ал, 6 бала  өз отбасына оралды.

А.Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР