test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

250 өнім түрі жұрт назарына ұсынылды

Оңтүстік Қазақстан облысы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі… Көпшілік асыға күткен жылдың ең айтулы шарасы бүгін облыстық Көрме орталығында болып өтті. Онда тек түстікте өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің тауарлары жеңілдетілген бағамен ұсынылды. Оңтүстікте тұрмысқа қажет өнімнің 500-ден астам тұрі шығарылады. Бүгінгі көрмеге соның 250-ге жуығы қойылған. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметіне сүйенсек, адамның ағзасына ең пайдалысы – өзінің дүниеге келген жерінде өндірілген зат пен соның ас-суы. Осыны ескере жүрейік!Отандық өнім дегенде ойымызға алғаш келетіні – жоғары сапа, экологиялық таза тауар. Дегенмен, қай заттың қайда шығатынын, оны қайсыбір дүкеннен таба алатынын жұрт біле бермейді. Бұл көрме осы олқылықтардың орнын толтырып, еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға жол ашады.        Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Отандық өнімдер» көрмесінің ауқымы кеңейіп келеді. Былтырғымен салыстырғанда, тауар өндірушілер қатары екі есеге көбейген. Бақытжан Жандарбеков бұл шараға алғаш рет қатысып отыр. Ол «Қазақ текстиль»  деп аталатын тігін цехын ашқан. Ерлерге арналған іш киімдер тігеді.Көрмеге келушілердің қарасы қалың.  3000-нан астам халық отандық өнімді жарыса сатып алуда. Себебі, мамырдың 26-сы мен 27-сі күндері өтетін жәрмеңкеде барлық тауарға жеңілдіктер қарастырылған. Өзіміздің өнім – өзіміздің сауда қызады деген сөз. Салық түсімі көбейіп, экономикада белсенділігіміз артады. Ал, өнімдердің 100 пайыз экологиялық таза екеніне Елбасының өзі кепілдік берген. Сондықтан, Отандық тауарды тұтыну — әрбір қазақстандық  үшін патриоттық парыз.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР