test
08-07-2024
29.3 C
Шымкент

«Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің айғағы»

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің айғағы» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам  аудандық орталық кітапханада дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназаров, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Кикбоксинг спорт түрінің әлем кубогының күміс жүлдегері Сафаров Фазлиддин, колледж жанынан құрылған жастар ұйымының төрағалары мен мүшелері, колледж студенттері мен орталық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапхана оқырмандары мен кеш қонақтарына Еліміздің рәміздерінің тарихы мен авторлары туралы мәлімет айтылып, бейнеролик көрсетілді. Жас оқырмандарымыз рәміздерге арнап қара өлең оқып, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері кітап көрмесіне шолу жасады. Дөңгелек үстел соңында іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындап аяқтады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР