20-04-2022
13.3 C
Шымкент

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Өскелең ұрпақты Отанымыз – Қазақстан Республикасын сүюге, оларды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында дәстүрлі түрде қаламызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында жыл бойына дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, флешмобтар, патриоттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласында жастар «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты автошерумен қаламыздың барлық көшелерін аралады.Бұл патриоттық іс-шараның негізгі идеясы – қазақстандық патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын, ел рәміздеріне деген құрметті насихаттау болып табылады. Жас өскіндерге патриоттық тәрбие беру мектептен басталса керек. Бұл тұрғыда алғанда мектеп ұстаздары әрдайым сынып сағаттарын, арнайы патриоттық іс шаралар ұйымдастырып келеді. Бүгінгі жиынға да жастар ұзақ уақыт дайындалды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде осындай іс шаралардың маңызы зор әрине. Мұндай шараларды өткізу алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР