15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Ұлттың ғасырлық арманы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміз бен егемендігіміздің берік негізі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»- деп атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара аталып өтті. Қастерлі рәміздерімізді ұлықтау мақсатында өткен шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.  Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданының  басшысы өз сөзінде « Қай халықтың болмасын сан ғасырлық арманы — Ел егемендігі. Ал, Мемлекеттік рәміздер- Еліміздің Тәуелсіздігін паш ететін нышандар болып табылады. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі. Сондықтан Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп қастерлей білуіміз қажет-деп ізгі тілегін білдірді. Салтанатты шара барысында ауданымыздың өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бір топ сала қызметкерлерін «Алғыс хаттармен» марапаттады.  Мерекелік шарада аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР