ЭКСПО көрмесі кезінде халқымыздың ұлттық мәдениетін дәріптеу басты мақсаттардың бірі. Осы ретте Астана іргесінде Этно Ауыл бой көтерді. Мұнда шетелдік қонақтар көшпенділердің салт-дәстүрімен танысып, қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалай алады. Сондай-ақ, аламан бәйге мен ұлттық ойын түрлерінен өтетін түрлі жарыстарды көруге мүмкіндігі ба
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі әлемде болып жатқан соңғы инновациялық жаңалықтармен ғана емес, сондай-ақ тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға жақсы мүмкіндік береді. Дәл осы мақсатта Астана іргесінде 25 мың шаршы метрді алып жатқан этно ауыл салынған болатын.
Өткен жүз жылдықтан сыр шертетін Қазақ ауылының ресми ашылуы 10-маусымда болады. Алайда қазірдің өзінде мәдени кешен мәртебелі меймандарды қарсы алуға дайын. Сырттан келген шетелдіктер мұнда зергерлер бұйымдарын сатып алып қана қоймай, киіз басудың түрлі технологияларын өз көздерімен тамашалай алады.
Анель Әлібай, қолөнер шебері: -Мына картинаны мен сулы техникада жасап жатырмын. Кейін кепкеннен кейін мүмкін кей жерлерін құрғақ техникада әлі де қосамын. Негізі өлшемі 50-де 60, немесе 40-да -60. Көбіне осындай өлшемдегі картиналар сатылады. Бағалары он мыңнан жоғары.
Кешенде Ұлы даламыздың ұлттық ойындары да кеңінен насихатталады. Ат құлағында ойнаған жігіттер төл өнерімізді барынша жарқын қылып көрсетуге дайын. Қыз қуу, теңге алу, жамбы ату сынды ата-бабадан мирас болған қазынаны шетелдіктерге дәріптеу негізгі мақсат. Жалпы халықаралық көрмемен қатар мұнда жиырмаға жуық сайыс ұйымдастырылады.11-маусымда Елбасы жүлдесі үшін өтетін аламан бәйге сол бәсекелердің алғашқысы.
Елсияр Қанағатов — ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:- Жалпы осы үш айдың, ЭКСПО-ның кезінде осы ипподромда ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер болып тұрады. Жұмасына үш реттен кем емес әрдір ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырамыз. Соның барлығына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан мен ойлаймын, жақсы деңгейде өзіміздің ұлттық спортымызды көрсетуге барлық жағдай жасап, тырысамыз.Маңызы зор, мазмұны терең ұлттық мәдени шара 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында этно ауылда барлық өңірдің мәдени күндері өтеді деп жоспарланып отыр.