19-04-2024
21.3 C
Шымкент

Көрменің қауіпсіздігі қамтамасыз ету — мақсат

ОҚО Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Арыс ауданының прокуроры Нүркен Қосбаевтың ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті. Аталған жиынға қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы, Арыс ауданының прокуроры Қосбаев Нүркен Есенгелдіұлы, Арыс ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы Исабеков Нұрлан Амангелдіұлы, қала әкімінің орынбасарлары және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты. Алқалы жиында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі және олардың алдын алу мәселелері талқыланды.
– Қаламыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерге көптеген шетелдік және басқа облыстардан қонақтар келу жоспарлануда. Сондықтан қалада қауіпсіздік назардан тыс қалмауы керек және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспар құру керек, – деп тапсырды қала әкімі Мұрат Болатұлы.
Сонымен қатар, аудан прокуроры Н.Қосбаев тіркелмей еңбек етіп жүрген азаматтар мәселесін көтеріп, бейнебақылау құрылғыларын қатаң бақылау, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі екендігін жеткізді.
Жиын соңында жиынға қатысушылар Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына лайықты екенін дүние жүзіне танытатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қонақтарына қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмыла жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізіп тарқасты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР