03-09-2021
33.3 C
Шымкент

Арабтар ОҚО-дан қой сатып алуға ниетті

Біріккен Араб Әмірлігі Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрақты түрде  қой сатып алуды ниет етіп отыр. Бұл жайлы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының  Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевпен кездесу барысында мәлім етті.Нақтырақ айтқанда, арабтар Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының шопандары бағып отырған қаракөл қойын сатып алуға қызығушылық танытқан.  Себебі, Созақ ауданында бүгiнгi таңда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының бәрi еттi қой түрлерiн өсiрумен қарқынды түрде айналысып жатыр. Бүгінде Созақ ауданында екі бірдей шаруашылық — «Құмкент» және «Қара құр» өндірістік кооперативі қаракөл қойын өсірумен айналысады.Мәселен, былтыр тамыз айында «Қара құр» өндірістік кооперативі 1238 бас қаракөл тоқтысын Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарып, тиімді бағада сатқан. Десе де, арабтарға мал етін өткізу оңай емес екенін айта кеткен жөн. Өйткені, мал не мал еті Біріккен Араб Әмірліктерінде жіті тексеруден өтеді.Олар осы мақсатта, қаракөл қойының қанын алып, өздеріндегі зертханаларда арнайы тексеруден өткізіп, мал етінің тазалығына көз жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР