test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Отбасы-бақыт мекені»

ОҚО Бәйдібек ауданындағы  «Мәдениет сарайында» қоғамдық талаптарға сай тұлға тәрбиелеу, үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігінен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға, ата-аналар қауымын бала тәрбиесін дамыту қызметіне белсенді түрде тарту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» атты аудандық ата-аналар форумы өткізілді.  Мәдениет сарайының фойесіне оқушылардың шығармашылығымен жасалған композициялы қолөнер көрмелері қойылды.  Оқушылардың қатысуымен әдеби монтаж орындалып, «Өмір сабақтары» тақырыбымен көрініс қойылды. Форум бағдарламасына сәйкес аудандық білім бөлімінің басшысы Құлымбет Ақбала Аманбайқызы баяндама жасап, қазіргі жаһандану заманындағы бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі туралы ой қозғады. Республика, облыс, аудан көлемінде жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз жағдайларға статистикалық мәліметтер келтірді. Жаз мезгіліндегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қабылданған шаралар мен ата-ана міндеттері туралы баяндады. Қатысушылар  бала тәрбиесіндегі ата-ананың алар орны, жалпы ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғап, өмір тәжірибелерімен бөлісті. Форумға қатысушылар келісімімен аудандық ата-аналар кеңесінің төрағалығына сайланған Әтірбек Бақтайбекұлы ата-аналарға арналған үндеу жариялады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР