03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Бірлік пен келісім тірегі

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығында «Бірлік пен келісім тірегі – жастар» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шараға 800-ден астам  жас қатысты.  Кездесуде теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында, еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуда мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер жайлы, қолжетімді баспана бағытында, жастар саясаты мәселелері жөнінде, жергілікті полиция қызметі мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында, сондай-ақ, білім саласы жайлы әңгіме қозғалып, жастар мен арнайы шақырылған қонақтар арасында пікірталастар жүргізілді. Шараға арнайы қонақ ретінде облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Береке Дүйсебеков, жас кәсіпкер Бақтияр Тағаев, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, робот құрастырушы Мәден Қуаныш, «Street workout» қозғалысының жетекшісі Александр Водолацкий, Дүниежүзілік даму және қайта құру банкінің Жастар корпусын дамыту және үйлестіру агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша координаторы Сейдулла Исмаилов шақырылып, жастар мәселелері талқыланды. Жастар аталған шарадан өздеріне қажетті ақпарға қанығып, зор әсермен танысты. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР