test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жастар елшімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф оңтүстік жастарымен кездесті.
Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Павлодар облысында дүниеге келіп, 1993 жылдан бастап Дипломатиялық қызмет атқарып келеді. 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы болып, 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады. Сондай-ақ, Қайрат Лама Шариф «Араб тілінің хрестоматиясы», «Қазақша-арабша тілашар», «Қазақстан және әлем елдері», ‎«Қажылық» және араб тіліндегі «Қазақстан — Орталық Азияның інжу-маржаны», «Экономикалық дамудың қазақстандық моделі», «Қазақстан фактілер мен ‎сандарда», «Қазақстан — көпұлтты ел» және «Киіз үй — көшпенді ‎қазақтардың үйі» атты кітаптардың авторы.  Кездесуде Қайрат Қайырбекұлы мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың жастар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Жастарды отансүйгіштікке үндеп, әрдайым өз елінің патриоты болуға шақырды. Күнгейлік жастар аталған кездесуден зор әсермен тарқасты. Облыстық Жастар ресурстық орталығы жастарға берері мол мұндай тағлымдық кештерді алдағы уақытта көптеп ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР