16-04-2024
13.3 C
Шымкент

«Айбынның» айбынды ұланымен кездесу өтті

Өскелең ұрпақты Отанымыз – Қазақстан Республикасын сүюге, оларды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Соған орай жыл бойына дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, флешмобтар, патриоттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі.

Мұндай  патриоттық іс-шараның негізгі идеясы – қазақстандық патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын, ел рәміздеріне деген құрметті насихаттау болып табылады. Осыған орай жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс ауданындағы Ақдала ауылдық округі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуына орай ауыл жастары арасында «Ұрпақтар сабақтастығы» айдарымен «Рәміздерім мақтанышым» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі взвод командирі, аға лейтенант, 2015 жылғы Президентті ұлықтау рәсімінде Елбасымызға ту ұстап тұрған жерлесіміз, Ақдала ауылының мақтанышы Орынбасаров Жандос Айтбайұлы қатысты.

Кездесудің мақсаты — ұлттық бірлігіміз бен қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өңіріміздің үлгі тұтар азаматтарын насихаттау, жастар бойында ұлтжандылық пен отансүйгіштік сезімдерін дамыту мен рухтандыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР