03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Асыл тұқымды «Әулиекөл»

«Кәсіпкерлік мектебінде» оқып, сертификат алған Әлішер Пірназарұлы өткен жылы сиырдың «Әулиекөл» атты етті тұқымынан 2 тайынша сатып алыпты. Асыл тұқымды ірі қараға бөлінетін субсидияны да мал бордақылау ісіне жұмсаған ол кәсіпкерлікке шындап кіріседі. «Сиырдың «Әулиекөл» деген тұқымы біздегі яғни, Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райына тез бейімделеді. 2 жасқа қараған өгізшелердің салмағы жарты тоннаға жуық болады.  «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы субсидия алдым. Сол 1 миллион теңгеден астам қаражат бізге едәуір көмек болды. Жер алдық. Жаз маусымында жайылымға арналған жерді ауылымызға жақын орналасқан Төле би ауданынан жалға аламыз. Таулы аймақтың өте құнарлы шөбін жеген ірі қараның еті дәмді болады. Бүгінгі таңда «Әулиекөл» тұқымының алғашқы төлін алып үлгердік. Жақында тағы 10-20 сиыр бұзаулағалы тұр. Енді қорамызды кеңейту жұмыстарына кірісіп жатырмыз, – деген Әлішер Убайдуллаев құрылыс жұмыстарымен таныстырды. «Дануна» ЖК бордақылау кезеңінен өтіп, дайын болған ірі қараны «Ет Агро-Манкент» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне өткізеді. Ал сүт өнімдерін «Фуд-Мастер» компаниясына тапсырады. 60 сауын сиырға қазір 2 ғана сауыншы жұмыс істейді. Кәсіпкердің 6 ұлы да әке жолын таңдапты. Одан бөлек, «Дануна» жеке кәсіпкерлігі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 5 адамды жұмысқа қабылдаған.Ауылдық ветеринария орталығынан арнайы бөлінген мал дәрігері күніне екі рет, таңертең және кешкісін сиыр, бұқа, тайынша, бұзауларды тексереді. Ірі қарасы ауырғанда «табысым тоқырады» демей, ауырған малға жаны ашитын Әлішер Пірназарұлы кәсіптің қиындықтарын да еске алды.

Ақмарал Әшірова

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР