20-04-2024
24.3 C
Шымкент

«Астана EXPO — 2017»-ны қолдаймыз!

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» Жастар қанатың ұйымдастыруымен «Астана EXPO — 2017» Халықаралық көрмесін қолдау мақсатында ауданның жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында аудан әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойындары өтті. Ойынға аудан көлемінде тәжірибелі 12 жайдарман тобы қатысты. Кіл мықты команда қатысқандықтан ойын өте тартысты өтті. Сапалы да астарлы әзілдерін ортаға салып, бар өнерлерін көрсетті. Командалар арасында бүгінгі қоғамда орын алып жатқан кейбір мәселелер сын садағына ілінді. Ал жақсы жаңалықтарды қуаттап әдемі әзілдерімен әдіптей білді. Жалпы еліміз үшін маңызды шара ЕКСПО-ны жоғары көтеріп, жақсы жағынан әзілмен өрнектей білді. Нәтижесі бойынша: І-орын – Тұран және Шоқан мектеп оқушыларынан құралған «Айқай шу», ІІ-орын – №113 ЖОМ «Алақай балақай», ІІІ-орын – №119 ЖОМ «Бір үйдің балалары»,ІІІ-орын – Жетісай Мед. колледжі «Мед комедия». Үздік ойыншы №112 ЖОМ «Заманауи» жайдарман тобының капитаны Сейтжан Ниетқали. Ойында жергілікті телеарналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР