04-09-2021
20.3 C
Шымкент

Жастар өз елінің патриоты

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданында Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың және аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу бойынша кездесу өтті. Бір жағынан жаман әдеттен жирендіре отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің патриоты болуға үндеу де басты міндеттің бірі болатын.  Жанықұл медициналық колледжінің 1 курс студенттерімен «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың және аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу» атты тақырыбында кездесуіміз өз жалғасын тапты.Кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері, аудандық «Нұғман» орталық мешітінің найб имамы, аудандық ішкі істер басқармасының инспекторы, Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы, жастар комитеті және студент жастар қатысты. Кездесуге келген мамандар жастарымызды қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, нашақорлық, аутодеструктивті оқиғалардың, темекі шегу және кәмлет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеуіне, жастардың түрлі құмар ойындарынан аулақ болуына, жастарымызды ұсақ қылмыстармен күреске жұмылдыра отырып, тәртіпке, мәдениеттілікке, жастарды тазалық сақтап, құрмет көрсетуі керек екендігін, қоғамды тәртіпсіздікке қарсы тұруға шақырды. Кездесу соңында «Жастар заң бұзушылыққа қарсы» атты тақырыпта арнайы дайындалған үнпарақшалар тарқатылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР