test
04-07-2024
25.3 C
Шымкент

Отанды сүюге тәрбиелеу — міндет

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округіндегі «И.Байзақов» және «Түркістан» атындағы жалпы орта мектептерінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Оңтүстік Қазақстан облыстық  әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен жиын болып өтті. Жиынның басты мақсаты — Жас ұрпақты Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіруге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет ғұрпын, салт дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, достыққа шақыру мақсатында «Білімді жастар – еліміздің болашағы!» тақырыбында өтті. Мұндай жиын ауданда тінін үзбей, үнемі жалғасын тауып келеді. Жастардың әрдайым Отанды сүю қарапайым нәрселерден бастау алатанынын ұғындыру үшін мұндай жиындарды өткізудің берер пайдасы мол. Аталған   жиынға аудандық әжелер, аналар, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, аудандық прокуратураның прокуроры, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысып жастарға үлгі өнеге боларлық әңгіме тиегін ағытты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР