test
03-07-2024
31.3 C
Шымкент

«Білім — болашаққа апаратын бірден-бір жарқын жол»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара Аудандық оқушылар үйінің директорының әдістемелік бөлімі жөніндегі орынбасары А.Рысқұлова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағытын негізге ала отырып, «Білім — болашаққа апаратын бірден-бір жарқын жол» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар мақсаты: Елбасы ұстанымы жөнінде түсінік беру. Елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға, Отанын сүюге, бірлікке, Отанымыздың байлығын қорғауға тәрбиелеу. Семинарды Аудандық оқушылар үйінің директоры С.Мошқалов ашып, ұстаздарымыздың жұмыстарына сәттілік тіледі. Кіріспе сөз ретінде Аудандық оқушылар үйінің әдістемелік бөлімі жөніндегі орынбасары Рысқұлова Алмагүл «Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде үйірмелердің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, «Табиғатты қорғау» үйірмесінің жетекшісі Рабилова Гүлнар «Ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағатын, педагог-психолог Жұманова Гүлжауһар «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» тақырыбында психологиялық тренинг, «Табиғатты қорғау» үйірмесінің жетекшісі Мамытбаева Майра «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында , «Ертегілер елінде» үйірмесінің жетекшісі Махатай Гүлнар «Білімді ел – мәңгі ел!» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді. Семинар соңында мұғалімдер өз ой пікірлерін ортаға салып, еліміздің болашағы — жас ұрпақты білімді де білікті етіп тәрбиелеу, нағыз отансүйгіш патриот қылып тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз деп қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР