03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Патриоттардың жеңісі

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің» 2017 жылы  №54 хатының негізінде Шымкент қаласында №34 жалпы орта мектебінің  базасында «Менің бастауым – Менің Отаным үшін» тақырыбында облыстық шығармашылық жобалар байқауы болып өтті. Қай шығарманы алып қарасаң да оқушылардың отанына деген, өз еліне деген сүйіспеншілігі тұнып тұр. Бұл мектеп қабырғасында өткізілетін түрлі патриоттық жиындардың, үлкендердің үлгі өнегеге толы насихат жұмыстарының арқасына болса керек. Аталған байқауға аудандық оқушылар үйінен «Тілашар» үйірме оқушысы жетекшісі Дана Күнтуарова,  Оразалы Аружан — «Мен қазақтың азаматымын», «Ертегілер елінде» үйірмесінен (жетекшісі Г.Мұсабекова) Таубай Балжан — «Туған қалаға игілікті істер», «Қазақ тілі» үйірмесінен (жетекшісі  А.Нұрышова) Төребек Аружан мен «Мәнерлеп оқу» үйірме оқушысы (жетекшісі М.Жайықбаева) Эрназар Ұлдана — «Өз жылуыңмен бөліс» шығармашылық жұмыстарымен қатысып қайтты. Байқау нәтижесінде А.Төребек пен Ұ.Эрназар шығармашылық жұмыстары үшін сертификат алса, А.Оразалы – «Сөз зергері», Б.Таубай – «Өз елінің патриоты» номинацияларымен марапатталса, жетекшілері М.Жайықбаева – оқушылардың шығармашылық жұмысын дайындауда нақты бағыт-бағдар беріп, жетекшілік жасағаны үшін алғыс хат алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР